Қазақстанда тұрмысы төмен адамдар ең көп тұратын өңір қайсы?

Қазақстанда 2023 жылғы екінші тоқсанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұрғындардың саны бірінші тоқсанмен салыстырғанда 4,8 пайыздан 5,1 пайызға өсті. Мұндай дерекмемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында берілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Тұрмысы төмен адамдардың ең көп саны Түркістан облысында (9,7 пайыз), ең азы Астанада (2,5 пайыз) тұрады.

Фото: gov.kz

"Кедейлікке үй шаруашылығының мөлшері айтарлықтай әсер етеді. Осылайша, бес және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 2023 жылдың екінші тоқсанында 9,2 пайыз болды, бұл жалпы кедейлік деңгейінен екі есе жоғары", - делінген хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз