Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанда түрік компаниялары салған ғимараттар туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Менің білуімше, қазір мұндай тексеру жүргізіліп жатқан жоқ. Әзірге ондай жоспар жоқ", - деп жауап берді Роман Скляр.
Еске салайық, бұған дейін Румыния премьер-министрі Николае Чукэ Түркиядағы жер сілкінісі фонында елдегі түрік компаниялары салған ғимараттарды тексеруді тапсырған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!