Қазақстанда түрік компаниялары салған ғимараттар тексеріле ме? Вице-премьер жауабы

Қазақстанда түрік компаниялары салған ғимараттар тексеріле ме? Вице-премьер жауабы
Фото: tengrinews.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанда түрік компаниялары салған ғимараттар туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Менің білуімше, қазір мұндай тексеру жүргізіліп жатқан жоқ. Әзірге ондай жоспар жоқ", - деп жауап берді Роман Скляр.

Еске салайық, бұған дейін Румыния премьер-министрі Николае Чукэ Түркиядағы жер сілкінісі фонында елдегі түрік компаниялары салған ғимараттарды тексеруді тапсырған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек