Сіз пәтер, үй немесе жер учаскесін сатып алуды немесе сатуды шештіңіз. Сатып алушы мен сатушы мүліктің бағасын келісті, енді мәміле жасау қажет. Құжатты рәсімдеу қанша тұрады және қандай қосымша шығындар болуы мүмкін? Massaget.kz тілшісі есептеді.
Жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын рәсімдеу және куәландыру құны сатушы мен сатып алушының кім екеніне байланысты анықталады.
"Құжатты рәсімдеген нотариус ақысын кімнің төлейтінін сатып алушы мен сатушы өздері шешеді немесе олар ақысын бөліп төлей алады".
Егер сатушы немесе сатып алушы некеде болса, жылжымайтын мүлікті сатып алуға (егер сатып алушы некеде болса) және сатуға (егер сатушы некеде болса) зайыбыңыздың немесе жұбайыңыздың нотариалды куәландырылған келісімін рәсімдеуіңіз керек. Мұндай келісімді рәсімдеу 5 АЕК немесе 5 538 теңге тұрады, нотариус қызметінің ақысын некеде тұрған адам төлейді.
Тағы бір шығын - меншік құқығын тіркегені үшін мемлекеттік баж. Жеке тұлға пәтерлер мен жеке үйлерді (немесе, айталық, гараж - бұл тұрғын үй емес, бірақ жиі сатып алынатын жылжымайтын мүлік) сатып алған жағдайда, сома - 1 073 теңге. Ал заңды тұлға үшін, сондай-ақ жылжымайтын мүліктің басқа түрлері үшін сома әртүрлі болады. Бұл қызметтің ақысын сатып алушы төлейді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!