- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда тұрғын үй...
Қазақстанда тұрғын үй нарығы құлдырап жатыр - талдау
Қазақстанда мамырда тұрғын үй нарығындағы келісімшарт саны шамамен 20 пайызға төмендеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі DATA HUB-қа сілтеме жасап.
Бірінші кредиттік бюроның Telegram-арнасы мәліметінше, мамырда Қазақстанда 25,6 мың тұрғын үй сатып алу-сату мәмілесі жасалған. Бұл бір ай бұрынғыдан 5,9 мыңға аз. Ал сәуірде сарапшылар келісімшарт саны күрт өскенін айтқан еді.
Барлық өңірдегі келісімшарт саны азайған. Алматыда жасалған келісімшарт саны 1,3 мыңға төмендеп, 4,3 мың болды. Астанада жасалған келісімшарт саны 3,7 мың болды, сәуірмен салыстырғанда 1 мыңнан аса көрсеткішке төмендеді. Сондай-ақ, Маңғыстау (мамырда 1,6 мың келісімшарт) және Қарағанды облыстарында (мамырда 2,4 мың келісімшарт) айтарлықтай төмендеген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова