Әділет министрі Азамат Есқараев Тұңғыш Президенттің мәртебесі туралы 20-дан аса заңға талдау жүргізілетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Біз қазір 20-дан аса заңды талдадық, онда Тұңғыш Президенттің мәртебесіне, өкілеттігіне қатысты мәселелер реттелген. Бұл заңдар жарғылық тәртіпте талданады, кешенді жұмыс жүргізіледі, содан кейін тиісті түзетулер ұсынылады", - деп түсіндірді Есқараев.
Еске салайық, бұған дейін Парламент Елбасы туралы заңның күшін жоюға дауыс бергені хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!