Қазақстанда Тұңғыш Президент статусы туралы 20-дан аса заңға талдау жүргізіледі

Қазақстанда Тұңғыш Президент статусы туралы 20-дан аса заңға талдау жүргізіледі

Әділет министрі Азамат Есқараев Тұңғыш Президенттің мәртебесі туралы 20-дан аса заңға талдау жүргізілетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Біз қазір 20-дан аса заңды талдадық, онда Тұңғыш Президенттің мәртебесіне, өкілеттігіне қатысты мәселелер реттелген. Бұл заңдар жарғылық тәртіпте талданады, кешенді жұмыс жүргізіледі, содан кейін тиісті түзетулер ұсынылады", - деп түсіндірді Есқараев.

Еске салайық, бұған дейін Парламент Елбасы туралы заңның күшін жоюға дауыс бергені хабарланған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова