Қазақстанда Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке қатарынан алып тастау ұсынылды

Қазақстанда Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке қатарынан алып тастау ұсынылды

Бүгін Мәжіліс отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша қорытынды жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құжатта 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты, оны мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау арқылы айқындау ұсынылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина