Қазақстанда тіркелген көліктер саны белгілі болды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"2025 жылғы наурызда 147 мың көлік есепке қойылды, бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 3,5 пайызға артық", - деп жазылған хабарламада.
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген көліктердің саны 5 937,7 мың болған, оның ішінде 88,2 пайызы – жеңіл көліктер, 9,9 пайызы – жүк көліктері және 1,9 пайызы – автобустар.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!