Қазақстанда төтенше жағдайға байланысты 3,5 мыңнан астам бала қорытынды емтихандардан босатылады

Елімізде биылғы оқу жылын 3,8 миллион бала аяқтағалы отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайға байланысты Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарынан 3,5 мыңнан астам бала аралық және қорытынды емтихандардан босатылады.

Білім алудағы олқылықтардың орнын толтыру үшін су тасқынынан зардап шеккен өңірлерден 832 мың оқушыға арналған "Жазғы мектеп" ұйымдастырылады. 

Премьер-министр Олжас Бектенов жазғы демалыс басталмас бұрын балаларды жазғы демалыспен және еңбекке баулумен барынша қамтуды, ауыл балаларының бос уақытына ерекше назар аударуды тапсырды.

Денсаулық сақтау министрлігі рұқсат құжаттары жоқ жазғы сауықтыру ұйымдарының жұмыс істеуіне жол бермеуге тиіс.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз