Қазақстанда төрт айда қанша тұрғын үй пайдалануға берілгені белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі krisha.kz-ке сілтеме жасап.
Жыл басынан бері Қазақстанда 36 595 жаңа пәтер пайдалануға берілді. Бұл былтырмен салыстырғанда 26,4 пайызға көп.
Статистика бюросы мәліметінше, бұл тізімде мына қалалар көш бастайды:
Төрт ай ішінде Қазақстанда 4,3 миллион шаршы метрден аса тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 19,9 пайызға көп. Оның ішінде 2,4 миллион шаршы метрі көппәтерлі үйлерде және 1,8 миллионы жеке үйлерде.
18 аймақта өсім байқалады, екеуінде керісінше төмендеді. Ең үлкен өсім Алматы (+124.8 пайыз), Шымкент (+48.5 пайыз) және Алматы облысында (+31 пайыз) болды.
Төмен көрсеткіш Маңғыстау (-39.7 пайыз), Атырау (-28.6 пайыз) облыстарында тіркелді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!