Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов төтенше жағдайлар кезінде халықтың қорғануына арналған жасырын паналау орындары пайда болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Әлемде үлкен бомбалардан сақтану мен құрылымдарды салу тәжірибесі жойылды. Біздің есептеуіміз бойынша қазіргі уақытта 14 миллионға жуық адамды осындай орындарға орналастыруға болады. Қазір біз үлкен қаржылық шығындар талап етпейтін қарапайым шешімдерге қарай бет бұрып келеміз. Паркингтер мен жертөлелерді паналар ретінде дайындап жатырмыз. Сондай-ақ "ең қарапайым жасырын паналар" деген жаңа ұғым енгізіледі. Бұл халықты қорғау мақсатында арнайы жабдықталған жерасты паркингтері мен жертөлелер", - деді ТЖМ басшысы Мәжіліс кулуарында.
Тілшілер құрылыс компаниялары бұл норманы қолдап отыр ма деп нақтылады.
"Меніңше, әрбір бизнес өкілі әлеуметтік жауапкершіліктің не екенін және бұл мәселенің маңызды екенін түсінеді. Бұл өте тиімді шешімнің бірі", - деп атап өтті Шыңғыс Әрінов.
Айта кетейік, Шыңғыс Әрінов ТЖ министрі болған бір жыл ішінде БАҚ өкілдері алдына бүгін алғаш рет шықты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!