Қазақстанда террористік, экстремистік қылмыстар жасаған 19 адам бас бостандығынан айырылды

Қазақстанда террористік, экстремистік қылмыстар жасаған 19 адам бас бостандығынан айырылды
Фото: ҰҚК

ҰҚК биыл маусым-тамыз аралығында тергеген қылмыстық істер бойынша террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 19 адам түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бірі Түркиядан табылған

Солардың бірі, Алматы қаласының тумасы 2017 жылдан бастап халықаралық террористік ұйымдардың іс-әрекетіне қатысқаны үшін іздеуде жүрген. Ол Түркиядан табылған.

2025 жылы елге депортацияланып, қылмыстық іс аясында қамауға алынған. Ол сот шешімімен 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Таныстарын зорлық-зомбылық акцияларына шақырған

Одан бөлек, Шымкент қаласының тұрғыны қоғамдық желілерде терроризм идеологиясын насихаттап, таныстарын зорлық-зомбылық акцияларына шақырған. Ол 9 жылға сотталды.

28 адам ұсталды

Осы кезең аралығында Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Манғыстау, Түркістан облыстарында жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 28 адам ұсталған.

Олар терроризмді насихаттаған, діни араздықты қоздырған, интернетте және айналасында тыйым салынған материалдарды таратқан, экстремистік ұйымға қатысқан деген күдікке ілінді.

"Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ҰҚК баспасөз қызметі өкілі.

Суреттер: ҰҚК баспасөз қызметі

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget