WhatsApp-тағы чаттарда Жезқазғаннан 65 шақырым жерде екі жүк пойызының соқтығысқаны туралы хабарлама тарап жатыр. Ақпаратқа ҚТЖ баспасөз қызметі түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"15 қазанда сағат 21:03-те Жезқазғаннан 65 шақырым жерде, Сарысу разъезінің жанында, "Қазақмыс" ЖШС-ның теміржолында екі жүк құрамы соқтығысып, кейіннен 5 бос жартылай вагон мен тепловоз (бір құрамда 29 бос вагон, екіншісінде - 15 вагон) аударылып қалғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға салдарынан төрт адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды (барлығының жағдайы орташа), - делінген желіде тараған хабарламада.
ҚТЖ баспасөз қызметі бұған қатысты түсінік берді:
"15 қазанда сағат 10:10-да "Сарысу" разъезінің маңында жекеменшік тепловоз бен жеке локомотив соқтығысты. Салдарынан бес бос вагон мен тепловоз аударылып қалды. Жеке локомотив бригадалары орташа дәрежеде жарақат алды", - деп хабарлады ҚТЖ.
Сондай-ақ компания оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер етпегенін атап өтті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!