15 қарашада Қазақстанда "Ұлттық валюта" күні атап өтіледі, 1993 жылы дәл осы күні республикада теңге айналымға енгізілді. Алайда "теңге" - біреулер үшін ақшаны білдіретін жай ғана сөз емес, сондай-ақ есім. Tengri Life елімізде мұндай есімі бар қанша адам бар екенін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлттық бюро статистикасының мәліметі бойынша, Қазақстанда Тенге есімді 72 адам бар. Ал Теңге есімімен 12 адам тіркелген.
Сондай-ақ Тенгебай есімді 10 қазақстандық, ал Теңгебай есімімен 3 азамат тіркелген. Сонымен қатар Актенге (90 адам) және Ақтеңге (56) есімдері де кездеседі.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда қандай есімдер жиі қойылатынын жазған болатынбыз.
Оқи отырыңыз: Көп кездеспейтін ұл-қыз есімдері және оның мағынасы