15 қараша - Ұлттық валюта күні. Massaget.kz тілшісі Қазақстанда Теңге есімді қанша адам бар екенін анықтады.
Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда Теңге есімді 12 адам тіркелген.
"Қазақстан бойынша ұлты қазақ 12 адамның есімі - Теңге", - деп жазылған деректе.
Ал "Тенге" есімді 72 адам бар.
Ашық дереккөз мәліметінше, теңге - ортағасырлық түріктердің "денге" немесе "тәнга" күміс монеталарының тарихи атауы. Бұл атауды академик Сауық Тәкежанов ұсынған.
Ұлттық статистика деректері бойынша елімізде Ақша есімді ұлты қазақ 3 адам бар.
Еске салайық, бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Мәжіліс кулуарында "доллар бағамы тағы өсе ме?" деген сауалға жауап берді.
Сондай-ақ экономист Сапарбай Жобаев доллар бағамына қатысты алдағы уақытта қандай өзгерістер күтіп тұрғанын айтқан еді.
Анықтама: Теңге - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. 1992 жылы 27 тамызда Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Кейін суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Ұлыбританияға аттанды. 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты. 1993 жылы 15 қарашада айналысқа енгізілді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!