- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда теміржол тасымалдарының...
Қазақстанда теміржол тасымалдарының жаңа ережелері енгізілді
Қазақстанда ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінен бастап жолаушыларды, багажды, жүк багажын тасымалдаудың жаңа қағидалары күшіне енді, - деп хабарлайды "massaget.kz" порталы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Жаңа ережелерге сәйкес, кәмелеттік жасқа толмаған баланың заңды өкілі болып табылмайтын жолаушы, пойызға отырғызу кезінде кәмелеттік жасқа толмаған баланы пойызда алып жүру құқығын беретін баланың заңды өкілімен берілген нотариалды мақұлданған құжатты (сенімхат) көрсетеді.
Сонымен бірге, жолаушылар пойызына отырғызу кезінде баланың заңды өкілі бар болған жағдайда, кәмелеттік жасқа толмаған баланы пойызда алып жүру құқығын беретін баланың заңды өкілімен берілген нотариалды мақұлданған құжат (сенімхат) қажет етілмейді.
Сондай-ақ, жолаушыларға міндетті түрде көрсетілетін қызметтердің тізіміне купе ішінде ұялы телефондарды қуаттандыру кіреді.
«Теміржол көлігі жұмысшыларымен тасымалдау шарттары бұзылған жағдайда, жолаушының пойыз бригадалары жұмысына байланысты шұғыл шараларды қабылдау үшін шағым түсіруге немесе пікір білдіруге мүмкіндігі бар», - деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде.
T. Кіршібаев