Қазақстанда темекі қымбаттап кетті

Қазақстанда темекі қымбаттап кетті
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда темекі қымбаттап кетті. Бұл туралы қаржы министрінің бұйрығында көрсетілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2025 жылы "Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы қаржы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №196 бұйрығына өзгеріс енгізілген еді.

Құжатта "2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 970 теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағасы белгіленсін" деп көрсетілген.

Бұйрық 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген болатын.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget