Қазақстанда телерадиоарналар жұмысы уақытша тоқтатылады

Қазақстанда телерадиоарналар жұмысы уақытша тоқтатылады
Фото: Коллаж:Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев, depositphotos.com

Бейсенбі, 21 қарашада телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазтелерадио" АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

21 қарашада сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина
Logotype Massaget