Қазақстанда телефон ұрлығы 16 пайызға азайған

Қазақстанда телефон ұрлығы 16 пайызға азайған
Фото: Tengrinews.kz

ІІМ мәліметтері бойынша, смартфондар, әсіресе қымбат модельдер жиі ұрланады, олардың кейбірінің құны шамамен 1 миллион теңгеге дейін жетеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Статистикаға сәйкес, осы жылдың 10 айында ел бойынша 9 мыңнан астам телефон ұрлығы тіркелді. Бұл былтырғыдан 16 пайызға төмен. 4 мыңнан астам телефон табылып, иесіне қайтарылған.

"Ұялы телефондарды ұрлауға қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шараларды жетілдіру мақсатында ведомство бірқатар ұйымдастырушылық және заңнамалық бастамаларды іске асырып жатыр. Мысалы, ЦДИАӨМ-мен бірлесіп қылмыстық жолмен алынған телефондардың қайталама айналымын болдырмау мақсатында "Байланыс туралы" ҚР Заңына өзгерістер енгізілді, соған сәйкес "абоненттік құрылғыларды тіркеу қағидалары" әзірленіп, бекітілді. Ережеге сәйкес, барлық ұялы телефондар "IMEI + SIM + ЖСН" схемасы бойынша тіркелуі керек, егер бұл байлам бұзылса, бұғатталуы керек", - делінген Ішкі істер министрлігінің хабарламасында. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан