Қазақстанда алдағы екі күнде ыстық ауа райы сақталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Республиканың тек солтүстік және батыс өңірлерінде жаңбыр жауады.
"Еуропалық Ресейдің солтүстік аудандарынан Қазақстанға ауысатын суық атмосфералық фронттар апта соңында республиканың барлық аумағында найзағайлы жаңбыр және екпінді жел шақырады. Батыс және солтүстік облыстарда күндізгі температура +20-28º дейін төмендейді. Қалған аумақта ыстық ауа-райы сақталады", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, осыған дейін синоптиктер маусым айының ауа райы болжамын жариялаған болатын. Айдың басында Қазақстанның басым бөлігінде күн жылы болады. Жауын-шашынның айлық көрсеткіші республиканың көп аумағында нормадан жоғары болуы мүмкін, ал Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында нормадан төмен болады. Айдың ортасы мен соңында температураның төмендеуі күтіліп отыр. "Айдың ортасында және үшінші онкүндіктің басында күн салқындайды", - деді баспасөз қызметіндегілер.