Қазақстанда Тәуелсіздік есімді қанша адам бар?

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні. Massaget.kz тілшісі айтулы мерекеге орай Қазақстанда Тәуелсіздік есімді қанша адам бар екенін анықтады.

Тәуелсіздік есімділер

Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда Тәуелсіздік есімді 1 ғана адам бар.

"Қазақстан бойынша ұлты қазақ 1 адамның есімі - Тәуелсіздік", - деп жазылған деректе.

Ол Жетісу облысының тұрғыны, ер адам, 13 жаста.

Елімізде Қазақстан, Егемен, Тәуелсіздік есімді қанша адам бар?

Ұлттық статистика бюросының "Мен сияқты неше адам бар?" бөлімінде аттас адамдар тізімін табуға болады. Мәселен, елімізде Казахстан есімді 24, Қазақстан есімді 7 және Казакстан есімді 3 адам бар.

Ал Егемен есімді 25 адам бар. Олардың үшеуі 31 жаста. 

Елімізде 14 285 Азат, 23 Бостандық пен 3922 Еркін бар. 

Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар қанша күн демалады?

Биыл 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні дүйсенбіге тұспа-тұс келеді.

  • 14 желтоқсан, сенбі: алты күн жұмыс істейтіндер үшін жұмыс күні және бес күн жұмыс істейтіндер үшін демалыс күні;
  • 15 желтоқсан, жексенбі: әдеттегі демалыс күні;
  • 16 желтоқсан, дүйсенбі: Тәуелсіздік күні (барлығына демалыс).

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда Теңге есімді қанша адам бары айтылған еді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз