Қазақстанда кейбір шайларға уақытша санитария шаралары енгізілді. Бас мемлекеттік санитария дәрігері тиісті қаулыға 5 қаңтарда қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тыйым салынған қоспалар
Сараптама жүргізу барысында құрамында (E110), тартразин (E102), понсо 4R (E124) бар қара шайлар өндіріліп, сатылғаны анықталған. Алайда оларды шайда қолдануға рұқсат етілмейді.
Сонымен қатар, шай қаптамаларында расталмаған мекенжайлар көрсетілген, бұл рұқсат құжаттары жоқ екенін білдіреді.
Қандай шайларға тыйым салынды?
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәліметіне сүйенсек, мынадай қара шайлардың әкелінуіне, сатылуына тыйым салынған:
- "Апамның шәйі Premium gold", Al-Hayat Golg, "БАЛҚИЯ Premium gold", өндіруші - Orda Trade Astana ЖШҚ (Алматы облысы);
- Sultan Suleyman, Pakistan tea, өндіруші - Real Trade Astana ЖШҚ (Астана қ.)
- "БАЛҚИЯ Premium gold", өндіруші - "Аль-Хадия" ЖҚ (Алматы қ.);
- Aje Onim, өндіруші - "Орда Чай" ЖҚ (Алматы қ.);
- Al-Hayat Gold, өндіруші - Empire KENIY E.P.Z. Limited (Алматы облысы);
- Al-Jannat Premium, өндіруші - Ferdaus ЖҚ (Алматы қ.);
- Alfarah (өндірушісі қаптамада көрсетілмеген).
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова