Тамызда Отбасы банк "Ұмай" әйелдер ипотекасына өтініш қабылдауды қайта бастайды. ӨКҚ-да өткен брифингте банктің Алматыдағы филиалының директорының орынбасары Кәмшат Оңалбаева бағдарлама шарттары туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Отбасы банк Азия даму банкімен (АДБ) "Ұмай" және "Жасыл ипотека" бағдарламаларын іске қосу туралы келісімге қол қойды. АДБ осы екі бағытқа 90 миллиард теңге бөледі.
"Ешқандай іріктеу болмайды. "Ұмай" бағдарламасына қатысушыларға қойылатын негізгі талап: отбасының ең жоғары айлық табысы 1 250 000 теңгеден аспауға тиіс. Төлем қабілетін растау міндетті", - деді Кәмшат Оңалбаева.
Әйел жөндеу жұмыстарына қарыз алғысы келсе, несие сомасы 15 миллион теңгеден аспайды. Жылжымайтын мүлік сатып алу үшін 50 миллион теңгеге дейін қарастырылған.
"Алматы мен Астанада несие алғысы келетін қатысушылар үшін қарыз сомасы кепілдік құнының 80 пайызынан аспауға тиіс. Басқа өңірлерде кепілдік құнының 85 пайызынан аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы 50 миллион теңге болса және ол кепілдік құнының 80 пайызынан аспаса, онда қатысушыға алғашқы жарнаны төлеудің қажеті жоқ. Құны 30-40 миллионнан асса, онда бұл айырмашылықты қатысушы құрылыс салушыға бастапқы жарна ретінде өзі төлей алады. Қатысушының депозиті мен жинағы болса, несие алу мүмкіндігі жоғары болады", - деп толықтырды Отбасы банктің Алматы филиалы директорының орынбасары.
"Ұмай" әйелдер ипотекасы бойынша мынадай пәтерлерді сатып алуға болады:
Әйелдер ипотекасының шарттары:
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!