Қазақстанда тамызда өтетін ҰБТ басталды

Қазақстанда 10 тамыздан бастап тамызда өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) тапсырылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кезекті тестілеу 10 тамызда басталып, 15 тамызға дейін жалғасады. Бірінші күні емтиханды 5,7 мың адам тапсырады.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тестілеуге қатысуға 21 мыңнан астам өтініш қабылданған. ҰБТ тапсырушылардың шамамен 66 пайызы қазақ тілінде, 34 пайызы орыс тілінде, 69 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге ниет білдірді.

"Тамыз ҰБТ белгіленген шекті балл жинамаған талапкерлердің бейіндік пәндердің сәйкес емес комбинацияларымен, ҰБТ нәтижелері жойылған талапкерлердің тестілеуден қайта өтуіне және ЖОО-ға ақылы негізде түсуіне мүмкіндік беру үшін өткізіледі. Тіркеу кезінде тестіленушілердің өздері емтихан өткізу пунктін, күні мен уақытын таңдады", - деді ведомстводан.

Өтініш берушілер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде шағымдана алады. Сертификат апелляциялық шағым туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Еске салайық, биыл негізгі ҰБТ-ны 181 мыңнан астам оқушы тапсырды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз