Қазақстанда таксистердің жұмысына өзгерістер енгізіледі

Қазақстанда таксистердің жұмысына өзгерістер енгізіледі
Фото: depositphotos.com / bonandbon

Қазақстанда 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Әлеуметтік кодекс шеңберінде автокөлік туралы заңға такси жұмысының ережелерін өзгертетін түзетулер күшіне енеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өткен жылы Парламент қабылдаған жаңа түзетулер такси тасымалдаушылары мен таксиге тапсырыс беруге арналған мобильді қосымшалар операторларының қызметіне қатысты болмақ. 

Енді жаңа ережеге сәйкес: 

  • әкімдікке такси тасымалдау жөніндегі қызмет ұсынатыны туралы хабарлама берген жеке тұлғалар такси қызметімен айналыса алады;
  • такси тасымалдаушысы такси жүргізушісімен еңбек шартын жасасуға міндетті;
  • әкімдікке қызметтің басталғаны туралы хабарлама берген жеке тұлға – такси тасымалдаушысын бақылау таксиге тапсырыс берудің мобильді қосымшасының операторына жүктеледі.

Еске салайық, бұған дейін көлік министрі Марат Қарабаев жұмыс және жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзған такси жүргізушілері қалай бақылауға алынатынын айтқан болатын. 

Министрден такси жүргізушісінің жылдамдықты бұзғанын қалай анықтауға болады немесе қызметтен шеттетілгеніне қарамастан, көлігін әйелінің атына тіркеп, қайта қызметке шығатындар қалай анықталмақ деген сұрақ қойылды.

Марат Қарабаевтың айтуынша, Қазақстанда 10 такси агрегаторы тіркелген, бірақ тек Indriver мен Яндекс ірі болып саналады. Көлік министрлігі олармен меморандумға қол қойған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина