Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті такси жүргізушілері мен дүкен сатушылары салық органдары назарына қашан ілігетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Егер бұл азаматтар үшінші кезеңге кірмесе, онда олар жеке тұлға, 2026 жылдан бастап декларация тапсыруы тиіс. Үшінші кезеңге жеке кәсіпкерлер, құрылтайшылар, заңды тұлғаның директорлары-қатысушылары, олардың жұбайлары кіреді. Егер олар осы адамдар тізіміне енсе, онда 2025 жылы декларация тапсырады", - деді министрліктің МКК Жеке тұлғалардың өндірістік емес төлемдерін және арнайы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің директоры Нұржан Қуандықов.
Оның айтуынша, жеке тұлғаларды тексеру жалпыға бірдей декларацияны тапсырудың төртінші кезеңіне енгізілген қазақстандықтардың декларациясы туралы мәліметтер алғаннан кейін 2027 жылы басталады.
Бұған дейін МКК қазақстандықтардың аударымдары туралы банктерден кезең кезеңімен ақпарат келіп түсетін күндерді жариялаған болатын:
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!