Қазақстанда такси жүргізушілеріне қандай шектеулер енгізіледі?

Көлік министрі Марат Қарабаев жұмыс және жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзған такси жүргізушілері қалай бақылауға алынатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Autо-ға сілеме жасап.

Министрден такси жүргізушісінің жылдамдықты бұзғанын қалай анықтауға болады немесе қызметтен шеттетілгеніне қарамастан көлігін әйелінің атына тіркеп, қайта қызметке шығатындар қалай анықталмақ деген сұрақ қойылды.

Марат Қарабаевтың айтуынша, Қазақстанда 10 такси агрегаторы тіркелген, бірақ тек Indriver мен Яндекс ірі болып саналады. Көлік министрлігі олармен меморандумға қол қойған.

"Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы меморандум аясында адам рульге отырмас бұрын ұйқы режимін сақтауы керек, яғни 8 сағат жұмыс істеді, содан кейін 8 сағат жұмыс істемейді, мысал ретінде айтып тұрмын. Сондай-ақ, ол медициналық тексеруден өтуі керек. Бұл мәселелер қазір дамып келеді, "Индрайвер" және "Яндекс" оларды бақыламайды. Біздің меморандумда агрегаторлар тарапынан міндетті норма-бақылау болатын тетіктер қарастырылған", - деді Марат Қарабаев.

Сонымен қатар, агрегаторлар жаңа функцияға ие болады - автокөлік жылдамдығын реттеу.

"Басқа адам арқылы тіркелу туралы: бұл жүйеге кірмес бұрын жүргізуші фейсбақылаудан өтуі керек. Яғни, фотосурет қойылады, бұл азаматтың кім екенін анық түсінеміз. "Индрайверде" де, "Яндексте" де жылдамдықты бақылайтын қосымша функция болады. Ал оны бұзғандар, егер үш рет немесе одан да көп бұзған болса, олар енді бұл операторларға тіркеле алмайтындай қосымша тетік енгізгіміз келеді", - деді министрлік басшысы.

Бұл ретте жүргізушілер ұйқы кестесін ұстануға мәжбүр болады: қажетті 8 сағат ұйықтамай ауысымға шықпау. Министр тиісті ведомство тек жолаушылардың ғана емес, көлік жүргізушілерінің де мүддесін ескеруі қажет екенін қадап айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!