- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда такси бір...
Қазақстанда такси бір жылда қаншаға қымбаттады?
Numbeo мәліметтері бойынша, 6 қазандағы жағдай бойынша, 1 шақырымға есептегенде такси қызметтерінің ең төменгі бағасы Пәкістанда (0,8 доллар), ал ең қымбаты Швейцарияда тіркелді (3,93 доллар), - деп хабарлайды Ranking.kz.
Басылым мәліметінше, Қазақстанда 1 шақырымға есептегенде такси қызметінің бағасы 0,32 доллар болған. Қазақстан такси бағасы бойынша 105 елдің ішінде 12-орында. ТМД елдері арасында Қазақстанға қарағанда қымбатырақ такси қызметтері Әзербайжан мен Ресейде, арзанырағы - Беларусь, Өзбекстан, Молдова, Украина және Арменияда тіркелді.
Биыл қаңтар-тамыз аралығында Қазақстанда такси қызметін көрсететін компаниялардың кірісі 3 миллиард теңге болса, былтыр бұл көрсеткіш 2,8 миллиард теңге болған.
Ең көбі Қарағанды облысында тіркелген: 1,3 миллиард теңге. Үштікте: Астана - 728,7 миллион теңге және Алматы бар - (499,6 миллион теңге). Ең аз көрсеткіш ШҚО-дағы таксопарктерде - 0,4 миллион теңге.
Биыл тамыздағы жағдай бойынша, такси бағасы 9 пайызға өскен. Аймақ бойынша, Жетісу облысында өсім болған: өңірде такси бір жылда 37,7 пайызға қымбаттаған.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 150 мың қазақстандық таксист болып жұмыс істейді және оларға әлеуметтік қорғау қажет. Мысалы, олар ауырып қалған жағдайда жалақысы сақталмайды. Сондай-ақ Қазақстанда жүргізушілер тегін медициналық көмек ала алмайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина