Елдегі тасжолдың тағы бірнеше учаскесін ақылы ету жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұйрықтың жобасы жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланған, оларға сәйкес келесі учаскелерді ақылы ету жоспарланып отыр:
- Балқаш - Бурылбайтал;
- Ақтау - Бейнеу;
- Қандыағаш - Мақат;
- Қостанай - Денисовка;
- Таразды айналып өтетін жол;
- Үшарал - Достық;
- Шу - Бурылбайтал.
Бұйрықтың жобасы "Ашық НҚА" порталында 4 ақпанға дейін қолжетімді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда тағы бір жол ақылы болатыны хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә