• 502.15
  • 490.7
  • 5.71

Қазақстанда тағы бір тасжол ақылы болды

Қазақстанда тағы бір тасжол ақылы болды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

26 қаңтардан бастап Қызылорда - Арал жолы ақылы болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда мен Аралды жалғайтын жол автобустар мен жүк көліктері үшін ақылы болды. Дәлірек айтқанда, жолдың ұзындығы 454 шақырым, ол II техникалық санаттың нормативтік талаптарына сәйкес келеді.

Бұған дейін автожолда төлем бекеттері болмайды, оның орнына ыңғайлы "ашық" төлем жүйесі қолданылатыны хабарланған болатын. Енді жол ақысы қолма-қол ақшасыз жүргізілетіні нақтыланады.

Шлагбаумдар мен өткізу пункттері қойылмағандықтан кептелістер болмайды, бұл қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, сапар уақытын қысқартады. Пайдаланушылардың қолайлығы үшін төлем жасаудың 10-ға жуық әдісі бар: Payway.kz сайтында, интернет-банкингтер, төлем терминалдары мен электрондық әмияндар, ұялы телефон балансынан, Е100 жанармай картасы арқылы және заңды тұлғалармен келісімшарт жасау.

"Алдын ала төлем әлдеқайда арзан болғандықтан, төлемақыны уақытылы жасауға кеңес береміз", - делінген хабарламада.

Бір бағыттағы (454 шақырым) төлем мөлшері:

  • 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін алдын ала төлем - 2 840 теңге, кейінгі төлем - 3 330 теңге;
  • 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін алдын ала төлем - 5 750 теңге, кейінгі төлем - 6 740 теңге;
  • 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі автопойыздар үшін алдын ала төлем - 8 570 теңге, кейінгі төлем - 10 100 теңге;
  • жүк көтергіштігі 10 тоннадан жоғары және 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін алдын ала төлем - 11 470 теңге, кейінгі төлем - 13 470 теңге;
  • жүк көтергіштігі 15 тоннадан жоғары жүк автомобильдері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін алдын ала төлем - 14 290 теңге, кейінгі төлем - 16 830 теңге.

Айта кетейік, жеңіл көлік иелері Қызылорда - Арал тасжолын тегін пайдаланады. Жергілікті тұрғындар үшін бір айлық және бір жылдық абонементтер қарастырылған. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә