Қазақстанда тағы бір саяси партия пайда болуы мүмкін

Биыл Қазақстанда тағы бір саяси партия пайда болуы мүмкін. Бұл туралы әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте журналистер жаңа партия қашан пайда болады деп сұрады.  Жакселекова 4 мамырда Әділет министрлігі жаңа саяси партия құру ниеті туралы хабарлама қабылдағанын растап, 11 мамырда бұл партияның құрылтай съезі өткенін айтты.

"Заңға сәйкес, съезд өткеннен кейін төрт ай ішінде құжаттар мемлекеттік тіркеуге беріледі. Әрі қарай министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен құжаттарды тексереді", - деп түсіндірді Жакселекова.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!