Көлік министрі "Республикалық маңызы бар Үшарал – Достық жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы" бұйрықты дайындады. Тиісті жоба "Ашық НҚА" сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жобада техникалық жіктеуге сәйкес, жол (учаске) II санатты болатыны айтылған.
Жолдың ені кем дегенде 3,75 метр, екі бағытта да екі жолақ болады, учаскенің ұзындығы – 91 шақырым.
Ақылы жолдың ұзындығы – 180 шақырым. Автобустар мен жүк көліктері үшін ақылы жолда жүру құны белгіленді. Ақылы жолдың қызмет ету мерзімі – 20 жыл.
Құжатты 2024 жылғы 9 қыркүйекке дейін ашық талқылауға болады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!