Қазақстанда тағы бір республикалық тасжол ақылы болады

Қазақстанда тағы бір республикалық тасжол ақылы болады
Фото: Tengrinews.kz

Көлік министрі "Республикалық маңызы бар Үшарал – Достық жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы" бұйрықты дайындады. Тиісті жоба "Ашық НҚА" сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жобада техникалық жіктеуге сәйкес, жол (учаске) ​​II санатты болатыны айтылған.

Жолдың ені кем дегенде 3,75 метр, екі бағытта да екі жолақ болады, учаскенің ұзындығы – 91 шақырым.

Ақылы жолдың ұзындығы – 180 шақырым. Автобустар мен жүк көліктері үшін ақылы жолда жүру құны белгіленді. Ақылы жолдың қызмет ету мерзімі – 20 жыл.

Құжатты 2024 жылғы 9 қыркүйекке дейін ашық талқылауға болады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан