- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда тағы бір...
Қазақстанда тағы бір министр ауысты
Фото:
© akorda.kz
Дархан Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген хабарламада.
Дархан Қыдырәлі осыған дейін Түркі академиясын басқарған. Сондай-ақ, "Егемен Қазақстан" газетінің басқарма төрағасы, Түркі кеңесі бас хатшысының орынбасары ретінде және Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді.
Еске салайық, бүгін Серік Жұманғарин Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары - сауда және интеграция министрі болып тағайындалған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова