Қазақстанда тағы бір мереке пайда болуы мүмкін

Қазақстанда 2 ақпанда Ұлттық басылым күні тойлануы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Белгілі ұлт зиялыларының 1913 жылғы 2 ақпанда "Қазақ" газетін шығаруы отандық кәсіби журналистиканың ізашары болды. Бұқаралық ақпарат құралдарының бастауында тұрған "Қазақ" газетінің алғашқы саны шыққан күнін тарихи маңызды датаға айналдырудың маңызы зор. Осыған орай Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен 2 ақпанды "Ұлттық басылым күні" ретінде белгілеу бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр", - делінген хабарламада.

Аталған күнді ресми белгілеу үшін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Үкімет қаулысының жобасын әзірледі.

Қоғамдық талқылау үшін қаулы жобасы нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!