- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда тағы бір...
Қазақстанда тағы бір қырғыз құлдықтан құтқарылды
Қырғызстанның тағы бір азаматы Қазақстанның Қордай ауданы Қарасу ауылында құлдықтан құтқарылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР СІМ баспасөз қызметіндегілер хабарлады.
Қырғыз дипломаттарының мәліметінше, ер адам шаруа қожалығында жұмысшы болған. Жұмыс істеген уақыттың ішінде ол бірде-бір рет жалақы алмаған, олар қырғызстандықты мардымсыз тамақтандырып, киім бермеген. Қазір ол Алматыдағы ҚР Бас консулдығы мен Қазақстанның құқық қорғау органдарының атсалысуымен алматылық сауықтыру орталықтарының біріне орналастырылды.
Оның аты-жөні мен Қазақстанға қалайша құл болып келгені туралы мағлұматтар қауіпсіздік мақсатында хабарланған жоқ. ҚР СІМ мәліметінше, мағлұматтар ол үйіне оралғаннан кейін хабарланады. Қырғызстан азаматына қазіргі таңда құқықтық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда құлдықта болған қырғыз әйел құтқарылған еді. Ол 7 жыл бойы кішкентай баласымен бірге құлдықта болып, еліміздегі шаруашылық қожалықтарының бірінде тегін жұмыс істеген. Құлдықпен өмір сүрген қырғыз әйел өзінің өмірі жайлы айтып берген еді.