Қазақстанда тағы бір қылмыс түрі жезөкшелікке жатқызылады

"Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңы. Адам саудасымен байланысты қылмыстардың жаңа құрамы қылмыстық жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы 2024 жылғы 5 шілдеде "Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін 60 күнтізбелік күн өткен соң, яғни 2024 жылғы 5 қыркүйекте күшіне енеді. Заң шеңберінде Қылмыстық кодекске қылмыстардың жаңа санаты – адам саудасына байланысты қылмыстар енгізіледі және "сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтер" деген жаңа ұғым енгізілмек. Сондай-ақ қылмыстық жауапкершілік енгізіледі:​

  • адамдарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды жыныстық сипаттағы өзге де қызметтер көрсетуге тарту, сол сияқты осы мақсаттар үшін жеңгетай болу;​
  • осы қызметке тарту мақсатында, сол сияқты жеңгетайлық мақсатта жезөкшелікті, жыныстық сипаттағы өзге де қызметтерді насихаттау және (немесе) жарнамалау;​
  • телекоммуникация желілерін, оның ішінде интернетті пайдалану арқылы жезөкшелікпен айналысу, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтер көрсету және жеңгетайлық үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау.

Қылмыстық кодекстің 134, 308 және 309 және ҚР ӘҚБтК-нің 450-баптары бойынша ұйымдастырушылар жауапкершілікке тартылатын болады. Сонымен қатар Заңда жезөкшелік қызметін, кәмелетке толмаған адамның көрінеу көрсететін өзге де жыныстық сипаттағы қызметті алғаны үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылады. Бұл ҚР ҚК-нің 122-бабы бойынша жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.​

Адам саудасына қатысты қылмыстар бойынша татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату алынып тасталады.​Қылмыстық-процестік кодексте жәбірленушінің арнаулы әлеуметтік қызметтер алуға құқығы көзделді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске медициналық ұйымдардың және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың лауазымды адамдарының жаңа туған нәрестені тастап кету фактісі туралы хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз