- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда тағы бір...
Қазақстанда тағы бір қала пайда болады
Алматы облысындағы Жетіген ауылы қалаға айналып, жаңа атау беріледі. "Ашық НҚА" сайтында "Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгерістер енгізу туралы" Президент жарлығының жобасы жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Алматы облысы Іле ауданындағы Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала қатарына жатқызылсын. Алматы облысындағы жаңадан құрылған қалаға "Алатау" атауы берілсін", - делінген құжатта.
Құжат 29 қарашаға дейін қоғамдық талқы үшін сайтта орналастырылды.
Жетіген ауылы - Алматы облысы Іле ауданында орналасқан және Жетіген ауылдық округінің әкімшілік орталығы. Жетіген Алматының орталығынан солтүстікке қарай 47 шақырымдай жерде орналасқан. 2009 жылғы халық санағы бойынша ауылда 15 616 адам тұрады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан