• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Қазақстанда тағы бір жол ақылы болады

Қазақстанда тағы бір жол ақылы болады
Фото: depositphotos.com

Ақпанның аяғына қарай Қазақстанда Ақтөбе-Ресей Федерациясының шекарасы бағытындағы жаңа ақылы жол іске қосылады. Ақылы жолдың ұзындығы 82,7 шақырым болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Көлік министрлігінің бұйрығына сәйкес 22 ақпаннан бастап бұл жол учаскесінде төлем тек жүк көліктері мен автобустардың жүргізушілерінен алынады.

Маңыздысы: барлық көлік иесі төлем жасамайды. Жеңіл көліктер II техникалық санатқа жататындықтан, олар үшін жол жүру тегін болады.

Маршрут бойынша жол жүру тарифтері: 

  • 16 орынға дейінгі автобустар, 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері - 515-600 теңге;
  • 32 орынға дейінгі автобустар, 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері - 1 039-1 220 теңге;
  • 32 орыннан жоғары автобустар, 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері мен автопоездар - 1 544-1 821 теңге;
  • 10-15 тонна жүк көліктері - 2 078-2 440 теңге;
  • 15 тоннадан жоғары жүк көліктері, оның ішінде тіркемелі көліктер - 2 583-3 041 теңге.

Жүргізушілер үшін арнайы абонементтер қарастырылған:

  • Айлық - 1-5 АЕК (3 932 – 19 660 теңге);
  • Жылдық - 12-60 АЕК (47 184 – 235 920 теңге).

Бұл жол учаскесі ақылы негізде 20 жыл жұмыс істейді деп жоспарланған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget