Қазақстанда тағы бір ер адам жедел жәрдем қызметкерін ұрған

Қазақстанда тағы бір ер адам жедел жәрдем қызметкерін ұрған
Фото: Tengrinews.kz

Атырауда жедел жәрдем фельдшерін ұрды деген күдікпен 20 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Атырауда 1 мамырға қараған түні болған.

"Жедел жәрдем фельдшерін ұрып-соққан 20 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Наркологиялық сараптаманың қорытындысы бойынша күдіктінің жеңіл дәрежедегі мас күйінде болғаны анықталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, күдікті ұсталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан