Қазақстанда тағы бір бала терезеден құлап кетті

Қазақстанда тағы бір екі жасар бала терезеден құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға Шығыс Қазақстан облысындағы Үлкен Нарын ауылында болған.

Ведомство ата-аналарға ескерту жасады:

  • Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
  • Москит торлары құлаудан қорғамайды;
  • Балаларға ересектерсіз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз