Қазақстанда тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартқан

Қазақстанда тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартқан
Фото: Коллаж: ІІМ баспасөз қызметі, depositphotos.com

Жетісу облысы Жарлыөзек ауылында кейінгі уақытта қылмыс тіркелмеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Негізгі себептердің бірі - Жарлыөзекте ішімдіктерді сатуға тыйым салу. Құқықбұзушылықтардың алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бұл шара жергілікті тұрғындардың байсалды және белсенді өмір салтын насихаттайтын орта құруына мүмкіндік берген.

"Жарлыөзек кенті тек облыста емес, одан тыс жерлерге де үлгі болды. Ол құқық қорғау органдары мен азаматтардың бірлескен күш-жігері, сондай-ақ, салауатты өмір салты қағидаттарын ұстану қауіпсіз және үйлесімді қоғам құруға қалай әкелетінін айқын көрсетеді", - деп жазылған ІІМ хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында бір ауыл 5 жылдан бері ішімдіктен бас тартқаны хабарланды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова