Қазақстанда тағы бір ауыл әкімі өз-өзіне қол жұмсаған

Қазақстанда тағы бір ауыл әкімі өз-өзіне қол жұмсаған
Фото: gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл әкімі өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады. Ақжар ауданы Май ауылдық округінің әкімі Ерлан Смаилов өлі табылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңірдің Полиция департаменті мәліметінше, 18 мамырда Май ауылында 48 жастағы ер адамның сүйегі табылған.

"Суицид дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған полицияның редакцияға берген жауабында. 

Май ауылдық округі әкімі аппаратының сайтындағы мәліметке сүйенсек, Ерлан Смаилов 1977 жылы 14 желтоқсанда Май ауылында дүниеге келген. 2026 жылы 17 ақпанда Май ауылдық округінің әкімі болып тағайындалған.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында Кеңқияқ ауылдық округінің бұрынғы әкімі Қуанышбек Серікжанов өлі табылды. Бұл ақпаратты облыстық әкімдік растады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget