Қазақстанда тағы аяз күшейеді

Қазақстанда тағы аяз күшейеді
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазгидромет 22, 23, 24 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

35 градусқа дейін аяз

Қысқа мерзімді жылымықтан кейін Қазақстанның солтүстік өңірлерінде қайта аяз күшейеді. Кейбір аудандарда қар жауып, түнгі уақытта ауа температурасы 30-35 градус аязға дейін төмендейді.

Көктайғақ, қар

Ал республиканың оңтүстігіне циклон ықпал етеді, соның әсерінен қар жауады. 22-23 қаңтарда қатты қар жауып, жел күшейіп, көктайғақ болады. Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget