Қазақстандағы коронавирус бойынша 19 наурыздағы сағат 13.00-дегі жағдай төмендегідей:
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.
Осы сағатта Алматы қаласында – 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25 адам, жалпы 44 науқас тіркелді.
Таңереңгі жағдай бойынша, елде коронавирус жұқтырғандардың саны 37 адам болатын. Алматыда – 19 адам, Нұр-Сұлтанда – 18 адам.
Айта кеткен жөн, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыздан бастап карантин режімі енгізілді. Соған байланысты енді екі қалаға тұрғындардың кіріп-шығуы толық тоқтатылады.