Қазақстанда тағы 61 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда тағы 61 адам коронавирус жұқтырды
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанда 27 қаңтардың қорытындысы бойынша тағы 61 адамнан коронавирус анықталды, екі адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 28 қаңтардағы ақпарат 28 қаңтардағы мәлімет бойынша, 1 731 адам коронавирус инфекциясынан, оның ішінде 111 пациент стационарда, 1 620 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 6 адамның жағдайы ауыр;

• 1 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан