Қазақстанда тағы 6 университет жабылуы мүмкін

Қазақстанда тағы 6 университет жабылуы мүмкін

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық алты жоғары оқу орнын жабуға қатысты шешім сотта қаралып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

"Академиялық дербестікті кеңейтумен қатар, жауапкершілігі төмен университеттерді жауып, сапаны қамтамасыз ете алмайтын ЖОО-ларды қайта бейіндеу бойынша күрделі жұмыстар жүргіздік. Нәтижесінде 15 ЖОО жабылды. Бұдан бөлек, қосымша 6 оқу орнын жабуға қатысты шешімімізге шағым беріліп, ол сотта қаралып жатыр. Оның жалпы саны 21-ге жетіп отыр", - деп жазды министр facebook-те.

Сонымен қатар, ол оқытудың әлсіз бағыттары бойынша лицензияны қайтарып алу үшін тағы 4 ЖОО-мен сот процесі жүріп жатқанын айтты.

"Педагогикалық бағыттар бойынша жоғары оқу орындарының саны 85-тен 50-ге дейін қысқарды. Енді оқытудың тиісті сапасын қамтамасыз ететіндер ғана болашақ мұғалімдерді дайындай алады. Заңгерлерді даярлайтын университеттердің саны 72-ден 61-ге дейін қысқарды", - деді Асхат Аймағамбетов.

Г. Досымшалова