"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, 22 ақпаннан бастап Қазақстандағы екі жол учаскесі ақылы болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 7 ақпанда қол қойған №39 және №40 бұйрықтарға сәйкес Қостанай - Ресей Федерациясының шекарасы (Троицк) және Ақтөбе - Ресей Федерациясының шекарасы (Орынбор) бағытындағы тасжол учаскелері жүк көліктері мен автобустар үшін ақылы болмақ.
Жаңа ақылы учаскенің ұзындығы - 163 шақырым, 539-шақырымнан 376-шақырымға дейін (М-36). Жүргізушілер балама бағыт ретінде Қостанай - Рудный - Әйет - Ресей Федерациясының шекарасы және Ресей Федерациясы (Екатеринбург) - Алматы жолдарын пайдалана алады.
Ақылы учаске 17-шақырымнан 99+692 шақырымға дейінгі бөлікті (82,7 шақырым) қамтиды. Бұл учаскені айналып өту үшін Ақтөбе-Ресей Федерациясының шекарасы (Орск) бағыты бойынша жүруге болады.
Төлем автоматты режимде жүзеге асырылады, шлагбаумдар мен стационарлық бекеттер болмайды. Аркада орнатылған камералар көлік қозғалысын, жылдамдықты тіркейді.
Төлеудің 10-ға жуық әдісі қарастырылған: интернет банкинг, терминалдар, электрон әмияндар, телефон балансы, жанармай карталары (E100), сондай-ақ, заңды тұлғалар үшін келісімшарттар. Алдын ала төлем жасаған жағдайда жол жүру құны төмен болады.
Ақтөбе-Ресей Федерациясының шекарасы (Орынбор) тасжолы бойынша төлем мөлшері:
Қостанай-Ресей Федерациясының шекарасы (Троицк) тасжолы бойынша төлем мөлшері:
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!