- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда тағы 187...
Қазақстанда тағы 187 адамнан коронавирус анықталды
Фото:
Тұрар Қазанғапов
Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирустың 187 жаңа жағдайы тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК деректеріне сілтеме жасап.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 306 984-ке жетті.
Қазақстанда 1 шілдеде коронавирус жұқтырған 187 адам тіркелді. Бұл көрсеткіш 30 маусымда 189 болған.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 46,
Алматы қаласында - 92,
Шымкент қаласында – 16,
Ақмола облысында – 2,
Алматы облысында - 8,
Атырау облысында - 6,
Шығыс Қазақстан облысында - 1,
Жамбыл облысында - 5,
Батыс Қазақстан облысында - 2,
Қарағанды облысында - 6,
Қостанай облысында - 1,
Маңғыстау облысында - 1,
Түркістан облысында - 1.
Сондай-ақ, Қазақстанда 48 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
G. Dosymshalova